|
Dieses Gerät hat auch andere Anweisungen:
Anleitung Zusammenfassung
4.
Сервердің ішкі USB портын табыңыз.
Компьютердегі арнаулы USB 3.0 портына қосыңыз. Дискі USB 2.0 түрімен кері үйлесімді,
бірақ өнімділік нашарлайды. Қосылу үшін USB 1.1 портын пайдаланбаңыз.
Қол жетімділікті және стандартты USB 3.0 A түріндегі ажыратқыштың қалпын
орналастыру үшін есіктің ішкі жағындағы схеманы қолданыңыз немесе компьютер
құжатын қараңыз. Ыңғайлы ішкі порт сервер тақтасында қол жетімді болмаса, HP
арнаулы бас шина адаптерін орнатуды ұсынады. Ұсынылатын өнімдерді RDX
QuickSpecs бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
USB 2.0 Intel немесе HP 4-істікшелі блок қосқышына қосуға да болады,
сәйкес кабельдерді бөлек сатып алу керек. Ұсынылатын өнімдерді RDX QuickSpecs
бөлімінен қараңыз және кабельді жалғау нұсқауларын пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
5.
USB және қуат кабельдерін серверге және RDX дискіне тіркеңіз.
Компьютердің қуат көзіне жалғау үшін бөлек қуат кабельдерін қолданыңыз. (Дискі USB
шинасынан қуат алмайды.)
RDX дискісімен бірге берілетін стандартты USB 3.0 кабелін пайдаланыңыз.
Бекіткіш құралдарды орнату
Сервер немесе жұмыс станциясы RDX сақтық көшірмелерді алынбалы дисктерде жасау
жүйесін орнату үшін арнайы бағыттауыштарды немесе басқа құралды қажет етсе, енді
оларды дискіде орнатыңыз. Сервер немесе жұмыс станциясы арнайы орнату құралын
қажет етпесе, енді Диск орнату (7-бет) қадамын жалғастырыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ:
Статикалық электр қуаты электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Бар болса, әрқашан антистатикалық білезікті киіңіз. Бар болмаса, сервер немесе жұмыс
станциясын қуаттан ажыратып, қақпақты алғаннан кейін корпустың метал бөлігіне тиіңіз.
Осыған ұқсас, дискінің жалаң бөліктерін оны орнатпас бұрын ұстаңыз.
HP ProLiant серверлері
Сервердің әртүрлі үлгілері әртүрлі орнату әдістерін талап етеді. Сервер RDX сақтық
көшірмелерді алынбалы дисктерде жасау жүйесін орнында ұстау үшін, құлыптау механизмін
біріктіруі де мүмкін. RDX сақтық көшірмелерді алынбалы дисктерде жасау жүйесін
бекіту (9-бет) бөлімін қараңыз.
Орнатудың дұрыс әдісін анықтау үшін HP ProLiant сервер құжатын тексеріңіз және орнату
құралының сервермен берілгенін тексеріңіз.
•
Тірек бағыттауыштар: ML530 және ML570 сияқты HP ProLiant серверлері үшін тірек
бағыттауыштарды орнату қажет. Металды немесе пластикалық бағыттауыштар
сервердің диск ұясының тығын панеліне бекітіледі. Тиісті бағыттауыштарды стандартты
Phillips бұрағышы көмегімен бекітіңіз. Сервермен бірге жеткізілетін М3 бұрандаларын
пайдаланыңыз. Күмәніңіз болса, HP ProLiant серверінің құжаттарын қараңыз.
•
Бекіткіш бұрандалар: ML350 және ML370 сияқты басқа HP ProLiant серверлерінің
үлгілерінде тірек бағыттауыштардың орнына арнайы орнату бұрандалары
пайдаланылады. Тиісті бағыттауыштарды жұлдызша тәріздес ұшы бар бұрағыш
көмегімен бекітіңіз. Сервермен ешбірі берілмеген жағдайда қолдану үшін, сәйкес M3
бұрандаларын қамтитын керек-жарақтар жинағы HP RDX USB 3.0 сақтық көшірмелерді
алынбалы дисктерде жасау жүйесімен беріледі.
6
Парамертлерді теңшеу және орнату
...Dieses Handbuch ist für folgende Modelle:
Media Storage - HP RDX 2TB USB3.0 Internal Disk Backup System (749.8 kb)
Media Storage - HP RDX USB 3.0 External Docking Station (749.8 kb)
Media Storage - HP RDX USB 3.0 Gen8 DL Server Module Docking Station (749.8 kb)
Media Storage - HP RDX USB 3.0 Internal Docking Station (749.8 kb)